
Қазақстан жастары қоғамдық қорының және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Алматы қалалық Жетісу аудандық пробациялық бақылау бөлімінің қызметкерлері пробациялық бақылау есебінде тұрған 18-27 жас аралығындағы сотталғандар арасында «Қазақ халқының ұлттық ойындары» атты іс-шара өткізді. Жоба мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау арқылы жастардың ұлттық рухын арттыру.
Іс-шара кезінде сотталған жастар тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, ханталапай, қазақша күрес сияқты ұлттық ойын түрлерінің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар әр ойынның ережесін саралап, ұлттық ойындардың адамның денсаулығына, ойлау жүйесіне тигізетін пайдасын пайымдады.