
Алматы қаласы бойынша Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандарды әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары мен қалалық № 26, № 27, № 36 емханаларының психологтары кеңес өткізді. Кеңесте бас қосқандар сотталғандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын талқылап, өзара пікір алысты. Бұл бастамаға Наурызбай ауданы әкімшілігінің мамандары қызу қолдау көрсетті.