
ҚР ІІМ-нің қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің алдын алу, азаматтармен тығыз қарым - қатынас орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының беделін арттыру жөніндегі нұсқауына сәйкес 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының аумағында "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараға Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметі де белсенді қатысуда. Олар іс-шара кезеңінде жазасын өтеуден жалтарған сотталғандарды анықтау, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қайтадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда Бостандық ауданының пробация қызметі "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталған уақыттан бері бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға жазасына ауыстыру туралы 5 ескерту берді. Сонымен қатар пробация қызметінің ұсынысымен бас бостандығын шектеу жазасына сотталған В-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы сот қаулысы шықты.