
Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде жуырда кәмелетке толмаған балалар арасында Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өткізілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шаршы алаңдағы шахмат жарысында жүлделі орынды иеленген балалар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға қосымша спорттық киімдер мен үстел тенисінің ракеткалары табысталды.
Жазалы балалар арасында турнир ұйымдастыруға Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының орынбасары Нұрсұлтан Тастанбек және жатықтырушылар Арсен Лес, Азамат Алишев, Дәулет Иманберлинов белсене ат салысты. Олар турнир барысында сотталған балаларға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы әңгіме өткізді. Қор өкілдерінің әңгімесі жазалы балалардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.
Қызықты ойын соңында сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Бәзілбаева келген қонақтарға мекеме басытығы атынан ризашылық алғыс білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.