ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

Алматы қаласы Әуезов аудандық пробация қызметі Қазақстан жастары қоғамдық қорының және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында «Әр адам маңызды» атты тақырыпта онлайн конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – қоғам үшін әр адамның маңызды екенін насихаттау. Әр адамның өз туысқандарының арасында да маңызы зор. Тіптен бейтаныс адам үшін де әр адамның өзіндік орны болуы мүмкін. Өйткені «Адам адамға қажет» деген қағида бекер қалыптаспаған. Сондықтан да айналаңыздағы әр адамға жылы қарап, шуақ сыйлауға тырысыңыз. Қараңғылықта адам өмір сүруін тоқтатады немесе жан-дүниесі күйзеліске ұшырайды.

Тәуелсіз еліміз үшін әр адам маңызды, жазушы, актер, әнші, тіптен заң бұзған адамның өзі де маңызды. Өйткені ол біз өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі. Онлайн конференция кезінде сотталғандар әр адамның маңызына қанығып, олардың жарқын болашаққа деген сенімдері күшейе түсті.