
Еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Учаске» атты қылмыстың алдын алу және полиция мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасты нығайту іс-шарасы кезінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы ауданының пробация қызметі де есепте тұрған сотталғандар арасында жүйелі жұмыс жүргізуде. Пробация қызметінің инспекторлары учаскелік полиция инспекторларымен бірге сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, жаза өтеу тәртібін бұзғандарды анықтауда. Солардың бірі – сотталған Ж. атты азамат. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабының талаптарын бұзып, жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын орындамаған сотталғанға егер ол жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзса, пробация қызметі бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа материал беретіні жайлы ескерту жасалып, одан түсіндірме жазба алынды.