
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44-бабына сәйкес тұрақты жұмыс орны және оқуы жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылады, бірақ еңбек уақыты жылына жүз сағаттан аспауы керек. Мәжбүрлі еңбекке тартылғандар күніне төрт сағатқа дейін жұмыс істейді, олардың жұмыс уақыты аптасына қырық сағаттан аспауы қажет. Осындай тәртіппен жуырда Наурызбай аудандық пробация қызметі аудандық әкімдікпен бірлесіп, пробация есебінде тұрған 20 сотталғанды мәжбүрлі еңбекке тартты. Атап айтқанда сотталғандар «Таусамалы» ықшам ауданындағы Арал көшесінің аймағын тазартып, 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтарды шығарды.