
«Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөздің астарында үлкен мағына бар. Ұрпағына шежірелі тәрбие беруде ата-бабаларымыз небір ұлттық тәрбиені ұлттың қазынасына айналдырғаны белгілі. Сондықтан да «Қартың болса үйіңде, жазып қойған хатпен тең» деген сөздің де бағасы зор. 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл мерекенің мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, жалғызбасты зейнеткерлерге көңіл бөлу, оларға қайырымдылық көмек көрсету. Мұндай игі шарадан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің жеке құрамы да тыс қалған жоқ. Мереке қарсаңында олар Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Төлендіұлы Сағалбаевпен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы еңбек майданының жауынгері, ҚАЖ жүйесінің ардагері Нина Васильевна Лямкиннің үйіне барып, сый-сияпат жасап қайтты.
Әріптестеріне риза болған еңбек ардагері зор ризашылығын жеткізді.