
Қыркүйек айының соңында Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аталған еңбек жәрмеңкесіне Алматы қаласы Түрксіб ауданының пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар да қатысты. Аталған іс-шараға түрлі ұйымдар қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының пробация қызметі пробация бақылауында тұрған сотталғандарды еңбекпен қамту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді және алдағы уақытта да жалғастыратын болады.