
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында бүгін Жетісу аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталған А-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралды. Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлімі 3 тармағымен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А. Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі бөліміне бақылауға алынып, сот жүктеген міндеттері толық түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін бұзбау туралы әңгіме-сұхбат өткізілген болатын. Алайда сотталған А. сот жүктеген міндеттерін толық орындамай, қасақана бұзған. Осыған орай Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес А-ның өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.