
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесіндегі жасөспірім сотталғандар арасында қала күніне арналған «Әсем қала Алматы!» атты мәдени іс-шара өтті. Онлайн түрдегі іс-шараға Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шарайна Файзулақызы Құмарова және оқырмандар залы бөлімінің қызметкері Сымбат Лесбек атсалысты.
Бұл мәдени шараның мақсаты – жазалы жасөспірімдерді еліміздегі әсем қала – Алматының тарихымен таныстыру, олардың эстетикалық-мәдени талғамдарын арттыру
Алматы қаласы туралы екі тілде баяндама жасаған Шарайна Құмарова мен Сымбат Лесбек балалардың онлайн сұрақтарына да жауап берді Мерекенің соңы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Алатаудың Жауһары!» атты кітап көрмесімен аяқталды. Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Алма Қойшыбайқызы Бәзілбаева кітапхана қызметкерлеріне мекеменің атынан алғыс білдірді.