
Бостандық аудандық пробациялық бақылау қызметі Қазақстан жастары қоғамдық қорының және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп сотталғандар арасында «Әдебиет және заман» атты кездесу өткізді. Бұл кездесуге заңгер Гүлмира Аширова, психолог Аяулым Бақытова, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Еркеш Жакупова қатысты.
Кездесу барысында сотталғандар ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан әдебиетіміздің тарихымен, еліміздегі атақты жазушылардың шығармаларымен танысты және Қазақ Ұлттық университетінің студенті Есетова Ғанибеттің өнерін тамашалады.
Кездесуге келген мамандар сотталғандарға қажетті ақпараттар беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Мысалы Жұмыспен қамту орталығының маманы Еркеш Жакупова сотталған жастарға жұмысқа тұру жолдарын, қандай құжаттар қажеттігін түсіндірсе, заңгер Гүлмира Аширова заңдарға қатысты әңгіме өткізіп, пайдалы кеңестер берді.
Психолог Аяулым Бақытова болса сотталған жастарға өмірге бейімделудің маңыздылығын, олардың өзін-өзі жетілдіру деңгейін арттыру жолдарын түсіндірді.