
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан:"Іс-қимыл кезеңі" атты жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын жазаларды қатаңдату туралы баса айтқан болатын. 2021 жылдың ақпан айынан бастап "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Осыған орай 2021жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЛА- 155/13 мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет капитаны Әнуарбек Болатбекұлы Әлімжановтың басшылығымен аталған заңдағы өзгерістерді жан-жақты түсіндіруге бағытталған кездесу өткізілді. Бұл бас қосуға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Ақпараттық барлау штабының бастығы Саят Сергеевич Балғынбаев қатысып, жеке құраммен заңдағы қатаң шаралар туралы әңгіме өткізді. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша күшейіп келеді. Ең бірінші кезекте жемқорлықтың пайда болу себептеріне баса назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай Департамент маманы Төлеген Тұрғанбайұлы Танашов қызметкерлерге сотталғандар тарапынан болатын түрлі араңдатушылықтан және пара алудан сақ болуды ескертті.