
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/18 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Соның бір дәлелі — жақында жеке құрам арасында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жиналыс өткізілді. Бұл жиында әр маманның өз қызметтік міндетін мінсіз орындауы мен кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру ҚАЖ қызметкерлерінің беделін арттыратыны жайлы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қылмыстарға ымырасыз қарау, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы насихатталды.