
Алматы қаласы Түрксіб аудандық пробация қызметінің мамандары Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына пробация есебінде тұрған 10 сотталғанды жұмысқа орналастыруды ұсынған болатын. Нәтижесінде 3 адам "Victory-S" ЖШС-ге жалақысы 100 000 теңге және одан да жоғары жұмысқа қабылданды.
Бұған дейін де Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметі бірлесіп бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырған еді. Осындай іс-шараның нәтижесінде тағы да бір сотталған "Marketing LAB" ЖШС-ге жұмысқа орналастырылды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың жұмысқа орналасуларына көмек көрсетуді одан әрі жалғастыра бермек.