"Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы

"Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы

ҚР Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 тамыздағы нұсқауына сәйкес 1 қыркүйек — 1 желтоқсан аралығында республика бойынша "Участок" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараны Түрксіб аудандық пробациялық бақылау қызметі де белсенді ұйымдастыруда. Атап айтқанда, Түрксіб ауданындағы әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылауға алынған барлық сотталғандарды тексеру қарқынды жүргізілуде. Бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілгендерді тексеру, жазасын өтеуден жалтарған және іздеуде жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар һатқарылуда.