АТА ЗАҢҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

АТА ЗАҢҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам» тақырыбында өткен конференцияда Ата заңымыз бен тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен жетістіктер жайлы кеңінен әңгіме болды. ҚАЖ департаментінде онлайн ZOOM арқылы өткен конференцияға департаменттің жеке құрамымен қатар, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Конференцияда ҚАЖ департаментінің Штаб бастығы, әділет подполковнигі Айгүл Жақыпбайқызы Есмағамбетова еліміз бойынша Қылмыстық-атқару саласындағы өзгерістер мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

ҚР Ұлттық ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми маманы, тарих ғылымының докторы, доцент Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова жасаған «Шынайы тарихымызды түгендеу – Тәуелсіз Қазақстанның жемісі мен міндеті» атты баяндамада қазақ жеріндегі тарихи оқиғалар қамтылып, тәуелсіздік жылдарындағы жасампаздықты атап өтілді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Баршагүл Мұратқызы Утеулиева «Конституция – тәуелсіз мемлекеттік құрылыстың негізі» атты баяндамасында елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжаттың ерекшеліктері туралы мол мағлұмат берді.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын», - деп атап өткен болатын. Бүгінгі Конституция ширек ғасырдан астам уақыт осы  талап үддесінен шығып келе жатқан басты құжат.

ҚАЖ департаментінде онлайн ZOOM арқылы өткен конференцияға департаменттің жеке құрамымен қатар, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.