Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасымен кездесу

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасымен кездесу

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заң елімнің қорғаны!» атты онлайн іс-шара өтті. Ата заңға арналған іс-шараны өткізуге Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шарайна Файзулаевна Құмарова және оқырмандар залы бөлімінің қызметкерлері Ақерке Абзелбек пен Сымбат Лесбек ат салысты.

Сымбат Лесбектің жасаған баяндамасы арқылы жазалы балалар Ата заңымыздың шығу тарихымен танысып қана қоймай, Конституцияның әр адамның бостандығы мен құқығын сақтауға кепілдік беретініне, әркімнің заң алдындағы жауапкершілігіне қанықты.

Кеш барысында сотталған балалар Ата заңға арналған өлеңдер оқып, кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған викториналық ойындарға қатысты.

Мерекелік іс-шараның соңы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дайындаған кітап көрмесімен аяқталды. Өз кезегінде мекеменің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Бекзат Жақанов кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.