Тергеу изоляторындағы мереке

Тергеу изоляторындағы мереке

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесіндегі шаруашылық қызметіндегі сотталғандар арасында Ата заңға арналған іс-шара өткізілді. Коронавируске байланысты шектеулердің салдарынан сотталғандардың өнерін туған-туыстары тамашалай алмаса да, олар Конституцияға деген құрметтерін өз өнерлерімен паш етті. Көңілді кеш барысында сотталғандар өлең оқып, әуелете ән салды.

Сотталғандардың Ата заң күнгі салтанатқа мұқият дайындалып, өнерлерін ортаға салуларына көмектескен жасақ бастығы әділет майоры А.Шакирбаев олардың әрқайсысының жүрегіне жол тауып, мерекені талапқа сай өткізуге ат салысты. Концертті жүргізуші сотталғандар К.Нұрмұханбетова мен С.Пархоменко көрермендерді әр өнерпаздың талантымен кеңінен таныстырып отырды. Концертті тамашалаушылар әсіресе күміс көмей Б.Жанабаевтың өнеріне дән риза болды. Нақышына келтіріп ән салған өнерпаз күмбірлете күй де тартты. Сондай-ақ Б. Қайролдаевтың орындауындағы анаға арналған әндер де көптің көңілін толқытып, зор әсерге бөледі.