
Алматы қаласы Жетісу ауданының пробация қызметі «Жас Отан» Жастар қанаты, «Қазақстан еріктілер лигасы» қоғамдық қорының Алматы филиалы, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының өкілдерімен бірлесе отырып, ZOOM интернет платформасы арқылы бірлескен бейнеконференция өткізді.
Конференцияда халықтың белсенді тобы – жастардың мемлекет құрылысындағы ролі мен жастар саясатын қалыптастыратын тетіктер жайлы талқыланды.
Қатысушылар жастардың бойындағы отаншылдық пен туған елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру, жастардың рухани өркендеуіне, өркениет жетістіктерін игеруіне, білім деңгейін көтеру, денсаулығын нығайтуға қатысты тақырып бойынша пікір алысты.
Еліміздің болашағы жастарға байланысты болғандықтан мемелекет жастар саясатын дамытуға қатысты жасампаз бағдарламалар мен тұжырымдамалар қабылдап, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауда. Осы орайда ұйымдастырушылар өмірде қате қадам жасаған жастардың да мемлекет қамқорлығынан тыс қалмағанын атап өтті.
Онлайн бас қосудың нәтижесінде Жетісу ауданы пробация қызметінің бақылауындағы жастар арасында бірлескен іс -қимыл жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.