Тергей изоляторында тренинг өткізілді

Тергей изоляторында тренинг өткізілді

Жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінде “Қазақстан жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізілді. Психолог мамандар тренинг барысында аудиториямен танысу мақсатында «Қар добы» атты жаттығу жүргізді. Жаттығу кезінде жазасын өтеушілер өздерінінің есімдерін және өздеріне тән жағымды қасиеттерін атап өтті.

Ары қарай, қатысушылармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін «Барахолка» техникасы жүргізілді. Бұл техниканы жүргізу барысында, сотталғандар бірнеше сұраққа жауап беру арқылы, өздері жайлы мәліметтермен бөлісті.

Онлайн тренингтің соңында «Кері байланыс» жүргізіліп, қатысушылардың өзіндік ой-пікірі сұралды.