Жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылды

Жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылды

Жуырда Алматы қаласында "ZOOM" интернет порталы арқылы Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Пробациялық бақылау қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілген болатын. Аталған еңбек жәрмеңкесіне 34 жұмыс беруші қатысып, олар сотталғандарға 70 бос жұмыс орнын ұсынды. Барлық жұмыс орны – 564.

Онлайн кеңеске Пробация қызметінің бақылауында тұрған жұмыссыз адамдар қатысып, солардың арасынан екі адам "Galanz bottlers" акционерлік қоғамына жұмысшы ретінде қабылданды. Пробация қызметі алдағы уақытта да есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды жалғастыра беретін болады.