
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44-бабы 1- бөлігінде бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту тәртібі көрсетілген. Қоғамнан оқшауланбай жаза өтейтіндерді мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Осындай мәжбүрлі еңбекке тартылғандардың бірі–Алматы қаласы Бостандық аудандық пробация қызметінің бақылауындағы В. Фефелов. Оның жоғарыда аталған бап бойынша үш жылға бас бостандығы шектеліп, қосымша жаза ретінде барлық жаза өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтін В.Фефелов Бостандық ауданына қарасты қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене араласуда. Жаза өтеу тәртібін қатаң сақтап жүрген сотталғанмен аудандық пробация қызметінің инспекторлары жиі-жиі әңгімелесіп, оның тәртібін басқа сотталғандарға үлгі етуде.