
Жуырда Алматы қалалық прокуратурасының бастамасымен ZOOM бағдарламасы арқылы қаладағы пробациялық бақылау есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.
Онлайн түрде өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне «Гелюс» ЖШС, «Тәртіп» ЖШС, «Беккер» ЖШС, «Магнум» және «Технодом» сауда кешендерінің өкілдері қатысып, өздері ұсынған жұмыстардың ерекшелігіне, жұмыс уақытысы мен еңбекақысын түсіндірді. Сонымен қатар еңбек жәрмеңкесіне төрт аудандық пробация қызметі бөлімдері, қалалық жұмыспен қамту орталығының, Әуезов аудандық прокуратураның мамандары қатысты.
Алматы қаласы Әуезов аудандық пробация бөлімінде 420 сотталған пробациялық бақылау есебінде тұрады, соның ішінде 23 сотталған жұмыссыз болатын. Осы онлайн басқосудың нәтижесінде Әуезов аудандық пробация қызметінің бақылауындағы 12 сотталған жұмысқа жолдама алды.