Режим және күзет бөлімінің бақылаушылары қажет

Режим және күзет бөлімінің бақылаушылары қажет

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр саясаты бөлімінің мамандары департаментке қарасты мекемелерін білікті кадрмен қамтамасыз етуде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жуырда  департаменттің және ЛА-155/18 мекемесінің кадр мамандары Алматы облысына қарасты Заречный елді мекеніндегі әскери бөлімдерге барып, Отан алдындағы борышын өтеу мерзімі аяқталуға жақын қалған сарбаздармен кездесу өткізді.

Бүгінде қылмыстық-атқару саласына қажетті мамандардың бірі – бақылаушылар. Бұл жауапты қызметті атқарудың өзіндік қыр-сырын меңгеруге пейілді жастарды қызметке шақырған кадр мамандары сарбаздармен әңгіме барысында қылмыстық-атқару саласының қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік жеңілдіктер жайлы түсіндірді.

Әскери сарбаздар Алматы қаласы бойынша ҚАЖД кадр мамандары ұсынған бос жұмыс орындарына қызығушылық танытып, болашақта  аталған салада қызмет өткерудің талаптарымен танысты.