ШАРШЫ ТАҚТА ШЕБЕРЛЕРІ

ШАРШЫ ТАҚТА ШЕБЕРЛЕРІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесінде өткізілген шахмат турнирі жазалы жасөспірімдер үшін нағыз қызу «айқас» алаңы болды. «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жастары ат салысқан жарыс Халықаралық шахмат күніне орай ұйымдастырылды. Аталған балалар колониясында шахмат ойынына шебер жастар көп. Олар жарыс алдында өздерінің шеберліктерін шыңдай түсу үшін демалыс уақыттарының көбін шаршы тақта алдында өткізді. Осындай тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде шахмат жарысы өте тартысты өтіп, шахматшылардың әрқайсысы жарыс жалауын қолдан бермеуге тырысып бақты. Шахмат жарысына  жиырма алты бала қатысып, олардың ішінен жүлделі орын алғандарға «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалы төрағасының атынан Грамота берілсе, барлық қатысушылар төрағаның Алғыс хатына ие болды.