БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНДАҒЫ ЦЕХ

БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНДАҒЫ ЦЕХ

ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жүрген жасөспірімдерді еңбекке баулу жұмысын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінде аталған мекемеде 15 жасөспірім еңбекке тартылған. Соның ішінде 5 жасөспірім «Ақниет Үміті» атты мүгедектердің қоғамдық ұйымы ашқан тігін цехында жұмыс істейді. Мекеме ішінен «Ақниет үміті» ұйымына сатып алу құқығынсыз жалпы көлемі 37,9 шаршы метр ғимарат беріліп, тігіншілер еліміздегі індет кезінде коронавирусқа қарсы киетін киімдер және бетперде тігумен айналысуда. Жуырда «Ақниет Үміті»  қоғамдық ұйымы  ағаш  пен қағаздан жасалған сыйлыққа пайдаланатын қораптар  шығаратын болды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдер үшін қысқартылған жұмыс күні, 14-жастан 16 жасқа дейінгі балаларға аптасына 24 сағаттан аспайтын, ал 16-18 жас аралығындағы балаларға аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.