Астана күніне орай онлайн-концерт өткізілді

Астана күніне орай онлайн-концерт өткізілді

6 шілде — еліміздің астанасы күніне орай,  Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесіндегі жазалы балалар үшін онлайн-концерт ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шараны мекеме қызметкерлерімен бірлесіп Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Еркінбек Ұлжан мен Лесбек Сымбат ұйымдастырды.

Онлайн іс шара кезінде олар концертті тамашалауға жиналған жасөспірімдерді елорданың тарихына қатысты құжаттармен және астананың қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстырды. Аталған іс-шараның мақсаты сотталған балалардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру. 

Сондай-ақ жасөспірімдер кітапханашылар жасаған баяндама мен кітап көрмесінен, әсем қала көрінісінен арнайы жасалған слайдынан да қазақ елінің сүйікті қаласы жайлы тың да қызықты деректерге қанықты.

Көңілді іс-шара соңында жазалы балалар Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының ішіне онлайн саяхат жасады.