Жақында Алмалы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығында болды. Нәтижесінде сотталған Пархоменко үш айлық "Газэлектр дәнекерлеушісі" курсына жолдама алды. Ол курсты бітірген соң арнайы сертификат алатын болады.
Ал сотталған Шакиров бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендіктен және оның ЖК-сінің жұмысы тоқтатылмағандықтан жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмады.
Алматы қаласының жұмыспен қамту органдары жұмыссыздықты азайту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырып келеді. Мұндай жұмыстардың мақсаты — тұрақты жұмысы жоқ әрі пробация есебінде тұрған сотталғандар тарапынан қайталап қылмыс жасаудың алдын алу және олардың қоғамнан өз орындарын табуға ықпал ету болып табылады.