Пробациялық бақылауды бұзу

Пробациялық бақылауды бұзу

Алматы қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Г.А жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Оған 2020 жылдың 28 желтоқсан айында Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Есепке қойылған күннен бастап аталған пробация бөлімінің қызметкерлері  оған  жаза өтеу тәртібін түсіндіріп, ол тәртіпті бұзған жағдайда жазаның қатаң түрі қолданылатынын ескерткен болатын. Алайда сотталған Г.А.  берілген кесте бойынша уақытылы тіркеуге келмей, үнемі жаза өтеу тәртібін бұзумен болды. Жуырда сот үкімімен оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.