Жедел алдын – алу іс-шаралары жүргізілуде

Жедел алдын – алу іс-шаралары жүргізілуде

Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандармен қайта қылмыс жасамау мақсатында 2021 жылдың маусым айының 21 – нен 27 – не дейін жедел алдын – алу іс-шаралары жүргізілуде. Алматы қаласының Жетісу ауданының пробация қызметінің инспекторларымен бірге Алматы қаласының Жетісу ауданының ПБ-нің  учаскелік полиция инспекторларымен сотталғандардың мекен-жайы бойынша тексерілуде және жақын туыстарынан олардың өмір салты мен жүріс – тұрысы туралы әңгімелесті.    

Шараларды жүргізу барысында 134 сотталған тұлға тексерілді, оның ішінде 6 тұлғаға жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жазбаша ескерту берілді және уақытша тіркеусіз тұрып жатқан 3 сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Мекен-жайы бойынша тексеру кезінде сотталғандармен қайта қылмыс жасамау туралы алдын алу сұхбат жүргізіледі. Сотталған мекен–жайы бойынша қайда тіркелгені және нақты тұрғылықты жері, сотталған кіммен тұрады, баспананың иесі кім, қалай және қандай жағдайда өмір сүреді, қайда жұмыс істейді, егер жұмыссыз болса, неліктен жұмыссыз, егер жұмыс істегісі келсе, қандай іс шаралар қабылданғаны туралы анықталады.