Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының оқыту бөлімінің өкілі Еркеш Жакупова Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен онлайн кездесулер өткізді. «Бүгінгі таңда қоғамда бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарды еңбекпен қамту – өзекті мәселе. Қоғамның ондай адамдарды қабылдап, өмірден өз орнын тауып кетуі қиын», – дейді қалалық жұмыспен қамту бөлімінің өкілі. Бұдан кейін маман жазасын өтеушілерге «жаңа өмірді қалай бастауға болады, қандай кәсіп игеру керек?» деген тақырыптарда ақыл-кеңес айтып, сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.