Сотталған азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыды

Сотталған азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыды

Жуырда Алмалы аудандық пробациялық бақылау қызметінің есебінде тұрған сотталған А.Б-ға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмектің арқасында ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері» курсын тәмамдап, жаңа сала бойынша білім алды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жедел қаржылық емес қолдауына ие болған сотталған А. өзінің жеке бизнесін ашу мақсатында шағын кредит алу үшін өзінің бизнес жобасын қорғауда.

Ол  Қызылорда қаласы Байқоңыр қалалық сотының 14.07.2017 жылғы үкімімен ҚР ҚК 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 7 жылға сотталған болатын.  01.2021 жылы Қызылорда қаласының Байқоңыр аудандық пробация қызметінің бақылауынан  Алмалы ауданының пробация қызметінің бақылауына ауысып келген. 10.12.2019 жылы ҚР ҚК  73 бабы негізінде Алматы облысы Іле аудандық сотының қаулысымен оның бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бостандығын шектеу түріне ауыстырылған болатын.Алмалы аудандық пробациялық қызметінің бақылауына алынғаннан кейін оған арнайы мамандар тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде сотталған А.Б. қалыпты өмір бастаудың алғашқы баспалдақтарынан сәтті өтті.