«Шексіз оқу» жобасы

«Шексіз оқу» жобасы

Адамға қоршаған ортаны тануға, жалпы адамның ойлау жүйесін дамытуға, сөздік қорды байытуға, адам бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға ықпал ететін күштің бірі кітап оқу екені аян. Кітапты тұрақты оқитын адамның дүние танымы кең болатыны да дәлелдеуді қажет етпейді. Жаһанданумен бірге келген әлемдік озық технологияның өзі адамды тәрбиелеуде кітаптан асып түсе алмайтынын да білген жөн. Кітап – бала тәрбиесінің таптырмас құралы екенін ескерген Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты балалар колониясында жуырда  «Кітапты шексіз оқу» атты жоба өткізілді.

ЛА-155/6 түзеу мекемесіндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы кітап мерекесіне  Алматы қаласы Жетісу ауданынның прокуроры, Жетісу ауданы әкімшілігінің тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Өсербай Мамырұлы Бекмұратов,  Жамбыл атындағы жасөспірмдер кітапханасының қызметкері Шарайна Файзулаевна Құмарова, «Караван» газетінің тілшісі Олег Нильевич және ҚАЖД өкілі Шынар Мухамедзакиевна Хусайнова қатысып, жаза өтеушілердің өздері оқыған кітаптарынан жазған эсселеріне қазылық етті.

 Артурдің өзі оқыған А. Пушкиннің «Пиковая дама», Н.Гогольдің «Мертвые души», А.Чеховтың «Ионыч»  кітаптарының мазмұнынан  жазған эссесі қазылар көңілінен шықты. Сонымен қатар Арыстан М. Лермонтовтың «Герой нашего времени» Асет Антуан Де-Сент Энзюперидің «Мальенкий принц» шығармалары бойынша эссе жазса, Андрей С. Есениннің «Забава», В. Маяковскийдің «Лидия» өлеңдерін жатқа оқып, көрермендерді таң қалдырды.

Дулат Әзілхан Нұршайыховтың «Махаббат қызық мол жылдар», Бекзат Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы, Никитаның Джек Лондонның  «Сердца трех», «Зов предков»  атты шығармаларындағы кейіпкерлер жайлы жазған эсселері талап үддесінен шыға білді.

Аталған кітап мерекесі күні әділқазылар барлық қатысушыларға жоғары баға беріп, қатысушыларды мекеме бастығының қаулысымен көтермелеу туралы ұсыныс білдірді.