Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жуырда Алматы қаласындағы «Мониторинг және талдау орталығы» Қоғамдық даму басқармасының  мамандары Алматы қаласы боиынша Қылмыстық-атқару департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған лекция өткізді. Түзеу мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу кезінде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, психолог Лола Шакимова «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция оқып,тыңдаушыларға  деструктивті діни ағымның белгілерін тани білу, экстремистік және террористік ұиымдардың өздеріне тарту тәсілдері жайлы түсіндіріп берді. Сондай-ақ ол мемлекетіміздің гүлденуі мен қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін конфессияаралық келісімдердің маңыздылығы жайлы да әңгімеледі.

Маңызды кездесу барысында қызметкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, спикерге ризашылықтарын білдірді.