Кәмелетке толмаған күдіктіні құттықтады

Кәмелетке толмаған күдіктіні құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің Тәрбие бөлімі тергеу тұтқынындағылардың арасында кәмелетке толмаған 3 бала ғана болса да, олар үшін мереке ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Алайда оның екеуі 31 мамыр күні бас бостандығын шектеу жазасына босатылып, мекемеде бір бала ғана қалды.

Мекеме әкімшілігі оны мереке қуанышынан сырт қалдырмай, сыйлық тапсырды. Түрлі тәттілер толы себетті «Сизам» азық-түлік дүкенінің өкілі қамқоршылық кеңесінің мүшесі әзірледі.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мекеме әкімшілігі мейрам күні өзін асыға күтіп отырған туыстарына қоңырау шалуға мүмкіндік берді. Бейнеқоңырау арқылы туыстарымен сөйлескен балаға туған әпкесі мейрам күні сәлемдеме әкелмек болғанын, әйтсе де кішкентай балаларынан шыға алмағанын айтты. Інісі оған мекеме әкімшілігі мен қомқоршылық кеңес берген себет толы сыйлығын көрсеткенде, әпкесі көзіне жас алып, інісін ескерусіз қалдырмаған мекеме әкімшілігіне алғысын жаудырды.

Мекеме әкімшілігі сонымен қатар тергеу тұтқынындағы жасөспірімге шаруашылық қызметіндегі жасақта жазасын өтеп жүрген танымал ойыншы, сотталғандар арасында өтетін турнирлердің жеңімпазымен теннис ойнауға мүмкіндік берді.

Балалар мерекесі күні осынша қуанышқа ие болған оның есінде бұл күн ұзақ сақталатыны сөзсіз.