Жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЛА-155/6 мекемесінің қызметкерлері Алматы қаласындағы қан орталығына келіп, қайырымдылық іске бастамашы болды. Алматы қаласы республика бойынша ең үлкен мегополис екені белгілі. Сондықтан да аталған орталық қандай да бір шұғыл жағдайларға дайын болу үшін, онда қан компоненттерінің тұрақты қоры болуы тиіс. Сонымен қатар екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада түрлі жұқпалы ауруларға шалдыққандар да жиі кездеседі. Бұл жолы ЛА-155/6 түзеу мекемесінің жеке құрамы В және С гипатиттері мен АИТВ-ге шалдыққан, сонымен қатар, қан аздығы анықталған адамдарға қан өткізіп, ізгілікті іс жасауды ұйғарды.
Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды және орталықтың дәрігер-мамандары жеке құрамға қауіпті дерттердің алдын алу жолдары жайлы әңгіме өткізді. Аталған қайырымдылық шарасы кезінде 10 қызметкер қан тапсырды.