Спорт – саулық кепілі

Спорт – саулық кепілі

Спорттың саулық кепілі екенін ескерген Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 түзеу мекемесі жуырда Департаментке қарасты бөліністер арасында шағын-футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс жүлдесін сарапқа салған 7 команда турнир барысында шебер ойын үлгісін танытты.

«Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған турнир «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары» күні мен «Қазақстан полициясы күні» мерекелеріне арналды.

Осындай спорттық шараға бастамашы болған ЛА-155/18 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Ә.С.Жұмадиев өзінің құттықтау сөзінде, бүгінгідей пандемия кезінде жеке құрамның спортпен айналысуының маңыздылығына тоқталды.

Ойын барысына бақылау жасаған Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Нұр –Отан партиясының жанындағы Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары және Қоғамдық бірлестік төрағасы Е.Н.Петров футболшылардың ойынына әділ баға берді.

Жарыс соңында жүлделі командаларға кубоктар, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қазақстан полициясының мәртебесін арттыру мен бөліністер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарыс алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.