
Бүгінгі ұрпақты аға буын ағалардың өмір жолындағы өнеге-үлгілеріне қанықтырып, рухани жан-дүниемізді байытуға ықпал ететін Музей күнінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесінің жеке құрамы Алматы қаласы Полиция департаментінің мұражайына экскурсия жасады. Алматы қаласы Полиция департаментінің Музей меңгерушісі Бегалы Шотыбайұлы Баракат жеке құрамды ішкі істер органдарының ең алғашқы басшылығының және әріптестеріміздің еліміздің ең үлкен қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтаудағы ерлік істерінің тарихымен таныстырды. Сондай-ақ жеке құрам экскурсия барысында 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Ғазиз Байтасовты еске алып, полицейлердің ерлігі мен жанқиярлығы көрсетілген мемориалдық тақтаны тамашалады.
Экскурсия соңында ЛА-155/13 мекемесінің жеке құрамы естелік суретке түсті.