
Әртүрлі қылмыс жасап сотталғандардың жазасын жеңілдетудің бір жолы – олардың соттың үкімімен жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеуі. Мәжбүрлі түрде міндеттелетін бұл зиянды өтеуге сотталғандардың ынтасы болса да, мүмкіндігі бола бермейді. Жәбірленушіге келтірген зиянды өтеу үшін оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, тапқан табыстарының бір бөлігін зиянды өтеуге жұмсау қажет.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Наурызбай аудандық пробация қызметінің есебінде жәбірленушілерге қарыздар 18 сотталған бар. Олардың қарызы 858 964 теңгені құрайды. Жуырда Наурызбай аудандық пробация қызметі мұндай борышкер сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қалалық прокуратураның бастамасымен «Вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорымен келісім шарт жасасты. «Вектор» ЖШС өз кезегінде еңбекақысы 100 000 мен 150 000 теңге аралығында болатын жұмыс орындарын ұсынды.