Әлеуметтік – құқықтық көмек

Әлеуметтік – құқықтық көмек

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Алмалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен Ресей азаматына көмектесіп, оның құжаттарын ретке келтіріп берді.

Ресей Федерациясының азаматы А. 2019 жылдан бері Алмалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрады. Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының ҚР Қылмыстық кодексі 73-бабының негізінде шығарған қаулысы бойынша  сотталған А-ның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған болатын. Пробация қызметінің бақылауына алынған соң оның  төлқұжатының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Тіркеу мерзімін ұзарту үшін сотталған азаматтың Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, Ресейге баруы қажет. Алайда сотталғанның өзі жазасын өтеп жүрген республиканың аумағынан шығуына тыйым салынғандықтан пробация қызметі Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының жанындағы Көші-қон қызметімен бірлесіп сотталған А-ның жаңа төлқұжат алуына көмектесті.