Эмоционалды стрессті, мазасыздықты жою

Эмоционалды стрессті, мазасыздықты жою

Сотталғандарға психологиялық көмек көрсету – олардың дұрыс жолға түсіп, жаңадан жақсы өмір бастауларына ықпал ететін бірден бір іс-шара. Сондықтан да түзеу мекемелері мен пробациялық қызмет бөліністерінде сотталғандарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған түрлі  жұмыстар жасалады. Мысалы жуырда Алматы  №36 қалалық емханасының психологы Азиза Хамит Наурызбай  аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандармен «Эмоционалды стрессті, мазасыздықты жою» атты тақырыпта тренинг өткізді.

Тренинг барысында психолог сотталғандарға эмоционалды стрессті жеңудің тәсілдерін түсіндіріп, нақты өмірден шынайы мысалдар келтірді. Ең бастысы сотталғандар эмоционалдық стреске ұшырамаудың басты жолы – салауатты өмір салты екенін түсінді.