Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
Шаралар санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Әртүрлі қылмыстары үшін жазаларын өтеп жүрген сотталғандардың ынтымақ-бірлігін бейнелейтін көріністермен басталған шағын қойылымда әр ұлттың өкілі өз халқының әні мен биін орындап, көрермендердің көңілінен шықты.
Әр ұлт өзін әнмен, бимен ғана таныстырмай өз ұлтының тамыры тереңдегі салт-дәстүрін де айшықтап, ұлттық тағамдарын ұсынды.
Мерекеде қазақтың қарашаңырағының төрінде отырған «қариядан» бата алған сотталғандар «Қара жорға» биін биледі.
Балалар колониясындағы жазалы жасөспірімдердің ішінде де әртүрлі ұлттың өкілдері бар. Олар мерекелік кеш барысында халықтар достығын баяндайтын слайд пен әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарынан сыр шертетін бейнероликті тамашалады.