Сотталғандардың талапты өтеуі

Сотталғандардың талапты өтеуі

Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінде, осы аталған ауданға қатысты прокурор тарапынан 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері, өтемақы мөлшері және тағайындау тәртібі туралы айтылып кетті.

Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметі бөлімі есебінде 623 адам есепте тұрады, соның ішінде 41 сотталған жәбірленуші өтемақы қорына өтемақысын төлемеген. Жәбірленуші қорына өтемақысын уақтылы төлеген сотталғандар ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатындығы туралы түсіндірілді.

Алматы қаласы Алатау аудандық прократурасымен бірлесе пробация бөлімі қызметкерлері аталған заңды негізге ала отырып осы бағытта өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, қатаң түрде қадағалауды көздеді.