Мәжбүрлі еңбек

Мәжбүрлі еңбек

Заңмен сотталып, темір торға қамалмасада өздеріне тиесілі жаза мерзімін арқалаған сотталғандар, яғни бас бостандығы шектелген жандар. 

Бас бостандығынан шектелген сотталғандар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген жұмыс орындарында жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады. Заңға сәйкес осындай іс-шара Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігі мен Наурызбай ауданы пробация қызмет бөлімімен мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандар аудан аймағын тазарту мақсатында сенбілік жұмысқа шығарылды. Сенбілік кезінде сотталғандар арықтарды тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинап шығару жұмыстарын атқарды. Өздерінің жасаған істеріне өкініп қана қоймай еңбектің қадірін түсініп, айналамызды, қоршаған ортамызды таза ұстап ластамау адамзатқа тиесілі екенін ұғынды.