ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген сөздің мағынасы кең. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/13 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүргендер де жуырда қайырымдылық жасаудың қайырлы іс екенін дәлелдеді.  Жуырда мекеме басшысына «Мүгедектердің Түрксіб аудандық қоғамдық бірлестігінің» басшысы хабарласып, арбағы таңылған мүгедек адамдарға көмек көрсетуді өтінген болатын. Мүгедектер бірлестігінің бұл өтінішін қабыл алған түзеу мекемесінен үш сотталған көмек көрсетуге ниет білдірді. Әртүрлі қылмысы үшін сотталып, бас бостандығын айыру орындарынан жазаларын жеңіл түрге ауыстыруға байланысты босап шығып, қалған бөлігін қоныс колониясында өтеп жүрген сотталғандар мүгедектер бірлестігінің бастамасымен көмекке зәру адамдарға қол ұшын берді.

Олар мүгедектердің үйіне барып, бау-бақша жұмыстарына көмектесті. Көктем кезінде әсіресе жеміс ағаштарын күтіп-баптауға шамалары келмейтін мүгедектер сотталғандардың көрсеткен қамқорлығына риза болып, алғыстарын жаудырды.