Саптық байқау өткізілді

Саптық байқау өткізілді

Кеше Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЛА-155/18 мекемесінде жеке құрамның жазғы нысанды киім-кешек үлгісін тексеру мақсатында саптық байқау өткізілді. Саптық байқау іс-шарасы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру мен әнұран айтудан басталды. Саптық байқау барысында жеке құрамның қызметтік куәліктері, киім-кешек үлгісінің сәйкестігі тексерілді. Сондай-ақ жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері тәртібінің, олардың азаматтармен сыпайы және ілтипатты қарым- қатынас жасау ережелері"  және аталған бұйрықтағы арнайы және нысанды киімді киіп жүру тәртібі, сонымен қатар қызметтік куәлікті жеке басының немесе туыстарының мүддесін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешуге пайдалануға болмайтыны жеткізілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлерінің міндеттері, қызметтік, мәдени, жол ережелері мен нормалары, тыйым салынған әрекеттері ескертілді.