ҚЫМБАТ ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ АХМЕТ – ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ҚЫМБАТ ЕЛЕУСІЗҚЫЗЫ АХМЕТ – ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында жауапты жұмыстарымен қатар спортты серік еткен қызметкерлер көп. ЛА-155/18 түзеу мекемесі режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Қымбат Елеусізқызы Ахметтің спорттағы жетістігі бәрімізге өнеге. Қымбат Елеусізқызы жуырда Ақмола облысының Шучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен чемпионатта бірінші орынды иеленді. 45 килограмдық салмақтағы чемпион алдағы жазда Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Самбо күресінен спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Европа чемпионатының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері әділет аға сержанты Қымбат Ахметтің спорттағы жетістіктері қалалық Қылмыстық-атқару департаменті үшін зор мақтаныш.

Жеңісің құтты болсын, Қымбат. Әріптестерің саған алдағы жарыстарда да жарқын жеңіс тілейді.