Жемқорлықты алдын - алу

Жемқорлықты алдын - алу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын жазаларды қатаңдату туралы баса айтқан болатын. 2021 жылдың ақпан айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Жуырда Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/13 түзеу мекемесінің жеке құрамы арасында аталған заңдағы өзгерістерді жан-жақты түсіндіруге бағытталған кездесу өткізілді. Бұл бас қосуға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ақпараттық барлау штабының бастығы Саят Сергеевич Балғынбаев қатысып, жеке құрамға заңдағы қатаң шаралар туралы әңгімеледі. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша күшейіп келеді. Ең бірінші кезекте жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай Департамент маманы С.Балғынбаев қызметкерлерге сотталғандар тарапынан болатын түрлі арандатушылықтан және пара алушылықтан сақ болуды ескертті.