Жақында Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы шаруашылық қызметтегі сотталғандар арасында ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес туралы лекция ұйымдастырылды.
Аталған шараға Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты "ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталығының» маманы М.Үсенқұл қатысып, АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың пайда болу тарихы, таралу жолдары, оған қарсы бүкіл әлем боиынша жүргізілетін алдын алу іс-шаралары туралы, ағзаның жалпы жағдайын жақсарту үшін, сондай-ақ әйелдердің дені сау бала тууы үшін қолданылатын емдік шаралар туралы кеңінен әңгімеледі.
Лекция барысында аталған мекеме бастығының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Г. Сейдахова да сөз сөилеп, бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алудың бірден-бір пәрменді құралы арнайы контингент арасында АИТВ-инфекциясының инъекциялық және жыныстық жолмен таралатынын ескерту болып табылатынын атап өтті. Аурудан сақтанудың бірден бір тиімді жолы – мекеме қызметкерлері санитарлық бюллетеньдер, брошюралар мен парақшалар шығарып, тарататынын және аталған дерттің алдын алуғаға қатысты дәрістер оқылатынын аитты..
Сонымен қатар Г. К. Сейдахова мекемеде ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығын басшылыққа ала отырып эпидемияға қарсы алдын алу шараларының аясында ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контингенттер арасында АИТВ инфекциясынан басқа туберкулез, вирустық гепатит сияқты аурулардың да алдын алу жұмыстарының белсенді жүргізілетініне тоқталды.